Желілік агенттің функционалдық ақауы оқиғалары

Төмендегі кестеде Функционалдық ақау маңыздылық деңгейі бар Kaspersky Security Center Желілік агентінің оқиға түрлері келтірілген.

Бағдарлама жасай алатын әрбір оқиға үшін, бағдарлама саясаты сипаттарындағы Оқиғаны конфигурациялау қойындысында хабарландыру параметрлерін және сақтау параметрлерін көрсетуге болады. Барлық оқиғалар үшін хабарландыру параметрлерін бірден конфигурациялау қажет болса, Басқару сервері сипаттарында жалпы хабарландыру параметрлерін конфигурациялаңыз.

Желілік агенттің функционалдық ақауы оқиғалары

Оқиға түрінің көрсетілетін атауы

Оқиға түрі идентификаторы

Оқиға түрі

Сипаттамасы

Әдепкі бойынша сақтау мерзімі

Жаңартуды орнату қатесі

7702

KLNAG_EV_PATCH_INSTALL_ERROR

Осындай түрдегі оқиғалар, Kaspersky Security Center құрамдастары үшін жаңартулар мен патчтарды автоматты түрде орнату сәтсіз аяқталған кезде туындайды. Оқиға, "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламаларының жаңартуларына жатпайды.

Оқиғаның сипаттамасын оқыңыз. Бұл оқиғаның себебі, Басқару серверіндегі Windows операциялық жүйесінің мәселесі болуы мүмкін. Егер сипаттамада Windows конфигурациясының қандай да бір мәселесі туралы айтылса, бұл мәселені шешіңіз.

30 күн

Үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы жаңартуын орнату сәтсіз болды

7697

KLNAG_EV_3P_PATCH_INSTALL_ERROR

Осындай түрдегі оқиғалар, Осалдықтар мен патчтарды басқару және Ұялы құрылғыларды басқару мүмкіндіктері қолданылып жатса және үшінші тарап өндірушілерінің бағдарламалық жасақтамасын жаңарту сәтсіз аяқталған болса туындайды.

Үшінші тарап бағдарламасына келтірілген сілтеменің дұрыс екенін тексеріңіз. Оқиғаның сипаттамасын оқыңыз.

30 күн

Windows Update жаңартуларын орнату сәтсіз аяқталды

7717

KLNAG_EV_WUA_INSTALL_ERROR

Осындай түрдегі оқиғалар, егер Windows Update жаңартулары сәтсіз аяқталған болса туындайды. Microsoft Windows жаңартуларын Желілік агент саясатында конфигурациялаңыз.

Оқиғаның сипаттамасын оқыңыз. Microsoft білім қорындағы қатенің сипаттамасын іздеп көріңіз. Егер сіз мәселені өзіңіз шеше алмасаңыз, Microsoft техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.

30 күн

Сондай-ақ, қараңыз:

Желілік агенттің ескертулері оқиғалары

Желілік агенттің ақпараттық оқиғалары

Басына оралу